Жаңа жыл түні облыстық перинаталды орталықта 51 нәресте дүние есігін ашты. Дәрігерлердің айтуынша, ана мен сәбидің денсаулығы жақсы. Жаңа өмірге алғашқы болып қыз бала келді. Толығырақ тілші тарқатады.

Мереке түні қалалық перинаталдық орталықта білікті мамандар кезекшілік еткен. Бұл түні дәрігерлердің жоғары кәсібилігінің арқасында сәбилердің бақытты ата-аналары 2025 жылды ерекше қуанышпен қарсы алды.

Бұдан бөлек, медицина қызметкерлері жылдағыдай белсенді жұмыс істеді. Мереке күндері алғашқы қалалық ауруханаға 51 адам көмек сұрап түскен.

ТӨЛЕУЖАН ОРЫМБАЕВ, №1 ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ ТРАВМАТОЛОГ ДӘРІГЕРІ

31 желтоқсаннан 4 қаңтарға дейін жарақат алу пунктіне 200 ден астам өтініш түсті. Бұл негізінен тобық, білек буынының жарақаттары, созылу болып табылады. Өтініш білдіргендердің барлығына көмек көрсетілді, ұсынымдар берілді және одан әрі амбулаториялық емделуге жіберілді

Жарақат алғандарға дереу көмек көрсетілді. Жалпы, кезекшіліктің күрделілігіне қарамастан, дәрігерлер, жаңа жыл тыныш өткенін атап өтті.

Қымбат Садық