"Ертіс орманы" мемлекеттік табиғи резерваты қызметкерлері былтыр 1 желтоқсанда басталған "Шырша" жедел алдын алу шарасын қорытындылады. Резерват мамандары тексеру жүргізіп, кезекшілікке шықты. Табиғатты қорғау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді.
Орман сақшыларының тынымсыз еңбегі арқасында ерекше қорғалатын қорда бір шырша заңсыз кесілген жоқ. Мамандар қырағылық танытып, тәулік бойы қызмет етті.
ҚОБЫЛАНДЫ АТЫҒАЕВ, «ЕРТІС ОРМАНЫ» РЕЗЕРВАТЫНЫҢ ТАБИҒИ КЕШЕН ЖӘНЕ НЫСАНА ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Желтоқсанның 1 мен 31 і аралығында шыршаларды қорғау акциясы өткізілген болатын. Акция барысында барлығы 150 ден аса рейдтік шара жүргізілді. Іс шара полиция қызметкерлері бөлімімен және мемлекеттік инспекторлармен жүргізілді. Резерват аумағында тәулік бойы 19 мобильді топ құрылды. Барлығы 2000 астам автокөліктер тексерілді.
Бұған қоса, тәртіп сақшылары акция барысында кәсіпкерлердің сауда орындары мен көшелерде қылқан жапырақты ағаш сатуға рұқсат беретін құжаттарды тексерді. Айта кетейік, тәртіп бұзғандар 50-ден 1500 айлық көрсеткіш көлемінде айыппұл арқалайды. Бұл күндері инспекция полиция қызметкерлерімен бірлесіп өңірде 44 мобильді топ құрды.
Әйгерім Тоқпанқызы