Павлодар қалалық полиция басқармасының жедел басқару орталығы модернизациядан өтті.

Орталық 2006 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Сондан бері ауқымды модернизациялық жұмыс жүргізілмеген. Бұл шаруаның реті биыл келіп, бірқатар жөндеу жасалды. Яғни, жиһаздары мен техникалар ауысып, жаңа камералармен толықтырылған.

РЕНАТ ШАМГУНОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ПБ ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСТЫҒЫ

Жаңа 117 камера жеткізілді. Олардың сапасы анағұрлым жақсы. 2024 жылы біз 225 қылмысты аштық. 9 мыңға әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Жаңа жеткізілген камералардың арқасында күні кеше ғана ескірткі затын тасымалдаушылар ұсталды. Жас қыз бен жігіт тиым салынған затты жасырған орында камера орнатылғанын білмеген...Там камера

Жедел басқару орталығында 45 адам штатта жұмыс істейді. Оның 12-і 102 желісінің операторлары. 9 бейнебақылау инспекторы еңбек етеді. Сонымен қатар, 4 навигатор мен 4 күштік құрылымдар тобының аға инспекторы міндеттерін атқаруда. 102 операторлары тәулік бойы қоңырау қабылдайды.

РЕНАТ ШАМГУНОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ПБ ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСТЫҒЫ

Біздің мамандар барлық хабарламаларға жауап береді. Отбасылық жанжал, тыныштықты бұзу, жол ережсін бұзу сияқты өзге де қоңыраулар тіркеліп күштік құрылымдар тобына жолданады. Олар жақын маңдағы полицияға жолдайды.

Алдағы уақытта аулалардағы камералар да полицияның жедел басқару орталығына беріледі деп жсопарланған. Сондай-ақ, мектептер мен балалбақшалардың қауіпсіздігін бақылау да маңыздылыққа ие.

Жанасыл Серікбол