Өткен демалыс күндері 109 бірыңғай орталығына 1000-нан аса қоңырау келіп түскен. Ауыл, аудан тұрғындарын облыстық, республикалық маңыздағы жолдардың ашық-жабықтығы алаңдатты. Ал, қала тұрғындары қандай сұрақтармен орталыққа жүгінді? Толығырақ тілшіміз айтсын.

«109» орталығы өткен демалыс күндері штаттық тәртіпте жұмыс жасады. Күндізгі ауысымда 5, түнде 2 оператор қоңырау қабылдады. Орталыққа тұрғындардың басым бөлімі коммуналдық сұрақтар бойынша хабарласқан.

АБЗАЛ ҚАБДРАШ, «109» БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Аудандарға келетін болсақ баянауыл, Ертіс, Шарбақты аудандарының тұрғындары хабарласып өтініштрін білдіріп жатты. Тіркелген өтініштер қарастырылып, толыққанжды жауаптар берілді. Бірнеше шағын апаттар болды коммуналдық желіде. Канализацияда кәріз желілерінің бітеліп қалуы, кейбір мекенжайларда, Павлодар қаласының Сарыарқа шағын ауданында электр желісінде ажыратулар орын алды. Қала әкімдігінің көмегімен, «Коммунсервис» арнайы бригадасының жедел шаралары қолдану арқасында ақау жойылып, жарық уақытында берілді.

Сондай-ақ, жылдың алғашқы күндері ауа райы бұзылып, кейбір жолдар жабылды. Соған байланысты да тұрғындардан біраз қоңырау түсті. Айта кетейік, «109» бірыңғай байланыс орталығы 2020 жылдан бері жұмыс жасайды.

Самал Қалиқызы