Ащы суға сылқия тойып алған кейбір павлодарлықтар демалыс күндерін медициналық айықтырғышта өткізді. Биыл қаңтардың алғашқы күндері уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына 400-ден астам адам жеткізілген. Олардың қаншасы орталыққа жатқызылды екен? Тілші біліп қайтты.

Ішімдік ішіп, елдің құтын қашырсаңыз немесе қоғамдық орында полицейлердің көзіне түссеңіз баратын жеріңіз біреу ғана ол уақытша бейімдеу орталығы. Бұл орын алгокольдік мас күйіндегі азаматтарды 4-5 сағат айықтыруға мүмкіндік береді.

МАНАТ СӘДУАҚАСОВ, УАҚЫТША БЕЙІМДЕУ ЖӘНЕ ДЕТОКСИКАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ

31 желтоқсаннан 4 қаңтар аралығында уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына 430 адам келді, 200-ден аса адам осында қалды. 2024 жылмен салыстырғанда статистика төмендеуде. 31 желтоқсан күні 41 адам әкелінді, 22-сі осында қалды, 1 қаңтарда 64 адам, оның 44-і осында қалды, 2 күні 46 адам жеткізілді, 42-сі орталықта қалды.

Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына азаматтар полицейлермен жеткізіледі, рапорт толтырылады, алкотестермен медициналық куәландыру жүргізіліп, жатқызылады. Былтыр бұл орталыққа 15 мыңға жуық адам әкелінді, олардың 1о мыңы осында уақытша бейімдеуден өткен.

МАНАТ СӘДУАҚАСОВ, УАҚЫТША БЕЙІМДЕУ ЖӘНЕ ДЕТОКСИКАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ

Мында Павлодарда 25 орынға шақталған. Орталықта 8 палата бар, оның біреуі әйелдерге арналған. Бір бөлмеде 4 адамнан болады. Бізге келетіндердің 80-90 пайызы алкогольді мас күйінде жеткізіледі. Азаматтардың 70 пайызы біздің тұрақты келушілеріміз, біздің психиатр дәрігерлерден емделгендер.

Павлодар облысында 3 медайықтырғыш бар. Павлодарда 25 орынға, Екібастұзда 15 орынға, Ақсуда 10 орынға шақталған.

Самал Қалиқызы