5 қаңтар күні Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің 112-диспетчеріне жалғыз тұратын зейнеткердің бірнеше күн бойы пәтер есігін ашпай жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Көршілері оның үйінде бір жағдай болуы мүмкін деп алаңдаушылық білдірген.

Хабарламадан кейін оқиға орнына шұғыл түрде құтқарушылар жіберілді. Мамандар жылжымалы баспалдақтың көмегімен үшінші қабаттағы пәтердің терезесіне көтеріліп, ішке кірді. Пәтерге кірген кезде олар еденде жатқан егде жастағы ер адамды тапты.

АЛЕКСАНДР АРИНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ТЖД ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰТҚАРУ БӨЛІМШЕСІНІҢ ҚҰТҚАРУШЫСЫ

5 қаңтар күні сағат 12:06-да 112 диспетчерінен бірнеше күннен бері есік ашпай жатқан жалғыз тұратын зейнеткер туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жеткен ТЖД құтқарушылары үшінші қабатқа сатымен көтерілді. Содан кейін терезені ашып, пәтерге кірді. Құтқарушылар қарияны еденде жатқан жерінен тауып, оны көтеріп, төсекке жатқызды. Зейнеткер туыстарына тапсырылды.

Айта кетейік, Павлодар облысы ТЖД құтқарушылары жыл сайын осындай шақыртуларға дер кезінде барады.

Сабина Жолдаспаева