Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған «Жаңа жылдық қиялдар» атты мерекелік шара өтті. Бұл шара «Мен өз әлемімді бейнелеймін» волонтерлік жобасы мен «Жылды жақсылықпен баста» акциясы аясында ұйымдастырылды.
Шараға ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар мен көркемсурет мектебінің оқушылары, ата-аналар және мұғалімдер қатысты. Шараның негізгі мақсаты – балалардың мәдениет пен өнерге деген қызығушылығын арттырып, қамқорлық пен мейірімділік сияқты адами құндылықтарды қалыптастыру.
ГҮЛНӘР МҰХАМЕТҚАЛИНА, БАЛАЛАР КӨРКЕМСУРЕТ МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Өткізіліп жатқан мерекелік шарамыз ол өзіміздің міне мектептегі жобамыз бар. Ерулік жобамыз «Мен өз әлемімді бейнелеймін» деген сондай жоба аясында өткізіп жатырмыз. Бұл енді 2024 жылдағы қорытынды сабағы сияқты. Осы біздің жобамыз бұл жыл бойы өткізіледі. Негізі 2019 жылы басталған. 5 жыл болды осындай балаларға өзіміз жасаған осындай көмегіміз, мейірімділігіміз. Осы біздің мектебіміздің, ұжымымыздың өз шешімі. Әр мұғалім, осы мектепте істейтін мұғалімдердің барлығы осындай ерулік жасап жатыр. Себебі сенбі сайын осындай балалар бізге келіп сабақ өтеді.
Шара барысында көркемсурет мектебінің мұғалімдері балалармен бірге «Мерекелік ашықхат» атты шеберлік сабағын өткізді. Олар жаңа жылдық шыршаға арналған сәнді ойыншықтар жасады. Әрбір бала ойыншықтарды өз қиялымен безендіріп, суреттер салып, әдемі өрнектермен әрледі.
ГҮЛНӘР МҰХАМЕТҚАЛИНА, БАЛАЛАР КӨРКЕМСУРЕТ МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Мектебіміздің оқытушылары Олжас Жұмабайұлы Жамиш және Айдана Ардақовна Мерғалиева осындай мастер класс өткізіп жатыр. Бұ осы жаңа жылдық мерекеге байланысты шыршалық, жаңа жылдық ойыншықө жасап жатыр. Балалар өздерінің қолдарымен осы ойыншықты жасап, өздерне сыйлық жасап. Мысалы, ата-аналарына сыйлық жасап, үйрету үшін. Соған тек қана ұстаздар ғана қатыспай, оқушылар да қатысып жатыр. Осы Жамишев Олжас Жұмабайұлының оқушылары соған қатысып жатыр. Және өнер студиядағы оқушымызда Васена Полина қатысып жатыр осы мастер классқа.
Мектеп басшысы шараға қатысушыларды Жаңа жылмен құттықтап, балаларға мерекелік сыйлықтар табыстады. Ата-аналар мен балалар шарадан үлкен әсер алып, жылы лебіздерін білдірді.
ГҮЛЖАЗИРА ШАЛАХАЕВА, АТА-АНА
Немеремді әкеліп жүрм осы центрға 4-5 жылдай болып қалды. Баламыз дамып жатыр. Моторикасы дамыды. Өте ризамыз мұғалімдерге. Тілейтінім осы жаңа жылда табыс, дендері сау болсын, біздің балаларға осындай беріп жатқандарына ризамыз, қуаныштымыз. Жаңа біз ойыншық істедік елкаға ілетін. Баланың моторикасына, қол жаттығуына түгеліне мұғалімдерге рахмет көптен-көп.
Айта кетейік, ерекше қажеттіліктері бар балалар көркемсурет мектебіне 5 жыл бойы қатысып келеді. Бұл уақыт ішінде балалар шығармашылық қабілеттерін дамытуға, бейнелеу өнерінің қыр-сырын үйренуге және өз қиялдарын қағаз бетіне түсіруге мүмкіндік алды.
Сабина Жолдаспаева