Әрбір сұхбат елге жолдау секілді. Президенттің «Ана тілі» газетіне берген сұхбатына пікірлер легі әлі де айтылуда.
Президент бұл сұхбатында қазақ тілі жайында да сөз қозғап, пікір айтты. Мемлекеттік тілдің болашағы жарқын екендігіне тоқталды. Жазушы, Серік Елікбай сұхбаттың «Ана тілі» газетіне берілуінің өзі үлкен мәнге ие екендігін айтады.
СЕРІК ЕЛІКБАЙ, ЖАЗУШЫ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «АЛАШ» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ
Әрбір сұхбат елге жолдау секілді. Жалпы бұл елмен тілдесудің бір варианты. Соның бір түрі, түсі деп қабылдаймын. Екінші жағынан өзгешелегі деп қарасаңыз, оның «Ана тілі» газетінде берілуі. Себебі бұған дейін үкіметтік басшылық газет «Егемен Қазақстан» десек, бұл жолы «Ана тілі». Ал, біздің қазақ үшін ол қадірлі дүние. Негізгі тірегі, жүрегі, қорғанышг күшін іштен, сырттан қорғайтын ана тілі екені анық. Сол ана тліне сұхбат бергені менің ойымша дұрыс.
Жазушы, сонымен қатар, сұхбатта Қаазқстанның бейбітшіл, болашаққа жарқын көзқарастағы ел екендігі тағы бір көрінгендігін айтады.
Жанасыл Серікбол