Жаңа жылдың алғашқы күндерінде полиция қызметкерлері 523 жол ережесін бұзу жағдайын анықтады. Тәртіп сақшылар қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін үнемі бақылау жүргізіп отырады.

Полиция департаментінің берген ақпаратына сай жылдамдықты асырған жүргізушілер көп болды. 400 адам жауапқа тартылды. Мысалы, Павлодар-Қызылорда автожолында Тойота көлігінің жүргізушісі белгіленген жылдамдықты бірнеше есе асып кеткен. Сондықтан азаматқа айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ЖАНАР БІЛӘЛОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ

Жаңа жыл түнінде полиция қызметкерлері 298 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады. Олардың ішінде 76 адам спирттік ішімдік ішкені немесе қоғамдық орындарда мас күйінде жүргені үшін ұсталды. 85 адам жол қозғалысы ережелерін бұзған. Жалпы айтатын болсақ, жаңа жыл түнінде облыс аумағында айтарлықтай резонанстық оқиғалар тіркелген жоқ. 00:25

Айта кетейік, көлік жүргізу тек қалада ғана емес, ауылдық жерлерде де үлкен жауапкершілікті талап етеді. Полиция қызметкерлері «Заң және тәртіп» қағидасын ұстана отырып, азаматтарды жол ережесін бұзбауға және қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырады.

Сабина Жолдаспаева