Адам өмірі бәрінен де қымбат! Оқыс оқиға орын алған кезде алғашқы көрсетілетін жәрдем аса маңызды. Сондықтан құтқару қызметтері шақырылған мекенжайға еш кедергісіз жету керек. Алайда, кей тұрғындар өз аулаларына жасанды бөгеттер қойып, төтеншеліктер мен жедел жәрдем бригадаларына қолайсыздық тудырады. Осы мақсатта төтенше жағдайлар басқармасының мамандары арнайы рейд өткізді. Экранға зер салайық.

 «Қауіпсіз аула» акциясы аясында қала ішінде жасанды бөгет орнатылған 6 мекенжай анықталды. Бұл блоктар тұрғындар үшін қолайлы. Жүйрік көлікпен жүйткіген көліктер аула маңынан өткізбейді. Ал, бұл жедел жәрдем бригадалары мен өрт сөндіру қызметінің мамандарына қолайсыздық тудырып отыр. Себебі, қандай да бір оқыс оқиға орын ала қалған кезде бұл жерден өту мүмкін емес. //фрагмент прям показать надо///

ТІЛЕКЖАН ГАЛЯМОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ТЖБ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Акцияның басты мақсаты осы көпқабатты үйлерде жасанды орнатылған бөгеттерді алып тастау. Өйткені бұл арнайы техиканың өтуіне кедергі жасайды...Жасанды бөгеттерді қою өрт қауіпсіздік қағидаларына қайшы келеді, 164-ші тармақпен көзделген. Одан басқа әкімшілік жауапкершілік көзделген

Шынымен де төтенше жағдай орын алған кезде тар көшелерге өрт сөндірушілер көлікпен өте алмайды. Мұндай бөгеттерд алу да тұрғындар тарапынан наразылық туындайтыны рас. Рейд барысында мамандар Лермонтов көшесі 87/1 мекенжайы мен «Болашақ» тұрғын үй кешенінде болды, ондағы тұрғындар блок бөгеттердің алынғандығын қолдайды.

ТІЛЕКЖАН ГАЛЯМОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ТЖБ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Тұрғындардың өздерінен шағым түседі. Одан кейін техника шақыру орынына барған кезде осындай бөгеттер анықталып жатады. Осыған байланысты осындай акция өткізіп, жұмыстар жүргіземіз

Жасанды бөгеттерді алу үшін 3 техника жұмылдырылды. Айта кетейік, «Қауіпсіз аула» акциясы екі күн бойы жалғасады.

Қымбат Садық