Былтыр Екібастұз әкімдігі кезекте тұрғандарға қаланың 20-шы шағын ауданында пәтер берген. «Жетімдер» санаты бойынша бөлінген пәтерлердің бірінде бүгінде бейтаныс адамдар заңсыз тұрып жатыр және Екібастұз полициясы бұл ақпаратты растады.
Көршілердің айтуынша, пәтерде үй иесінің орнына оның бұрынғы азаматтық күйеуі тұрып жатыр. Әйелдің қайда екені белгісіз, балалары балалар үйінде. Көршілер аталған пәтердің тұрақты қонақтары үйдің кіреберісі мен лифтті ластайтынына шағымданып, 102-ге бірнеше рет қоңырау шалған. Полицияның ақпараты бойынша, оларды қазір ешкім шығара алмайды, өйткені заң бойынша адамдарды үйден қыста шығаруға тыйым салынған. Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі пәтерге тексеру жүргізді.
2024 жылғы 26 желтоқсанда пәтерді тексеру барысында пәтердің иесі тұрмайтыны анықталды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, аталған тұлғаларға балама тұрғын үй берілместен шығару туралы хабарлама жіберілді.
Сондай-ақ үй иесінің баспананы мақсаты бойынша пайдаланбауына және жарты жылдан астам уақыт бойы үйінде болмағандығына байланысты аталған пәтерді пайдалану құқығынан айырылды деп тану туралы сотқа талап арыз берілген. Іс Екібастұз қалалық сотында қаралуда.
ӘЛІМБЕК АҒЫБАЕВ, ЗАҢ КЕҢЕСШІСІ
Егер Жалға алушы дәлелді себептерсіз пәтерде тұрмаса сондай ақ тұрғын үйді бұзудың басқа фактілері анықталған кезде жалға алушы сот негізінде бұрын көрсетілгендей үй-жайды пайдалану құқығынан айырылуы мүмкін. Мұндай жағдайларда жалдаушы сот шешімі бойынша өзі алып отырған жалға алған тұрғын үйден шығарылды.
Айта кетейік, Екібастұз қалалық әкімдігінің ақпаратынша, балалар 18 жасқа толғаннан кейін мемлекетпен берілген бұл үйді қайта ала алады.
Самал Қалиқызы