Алдағы сенбі, 18-ші қаңтар күні «Жайлау» фермерлік базарында бұл жылдың алғашқы ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Онда картопты 110 теңгеден сатып алуға болады. Жалпы облыстың қала, аудандарынан қанша тоннаға жуық өнім әкелінеді? Толығырақ келесі сюжетте.

2025 жылдың алғашқы ауылшаруашылық жәрмеңкесі 18 қаңтарда «Жайлау» фермерлік базары аумағында өтеді. Жалпы жәрмеңкеге 19 тоннадай өнім әкелінеді деп жоспарланып отыр.

ӘСЕМГҮЛ БЕКТҰРОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

Осы аптада Успен, Ертіс, Аққулы аудандарынан және Павлодар қаласынан тауар өндірушілер келеді. Сенбі күндері жәрмеңкеге, ет, көкөніс өнімдер сатылады. Жұмыртқа 490 теңгеден болады, сүт 200 теңгеден Галицкое, ішінде «Жаңа қала» екі жерде сүт өнімдері 200 теңгеден сатылады.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне картоп Успен, Аққулы және Тереңкөл аудандарынан 2 тоннадан жеткізіледі. Бағасы шамамен 110 теңге болады. Айта кетейік, аталмыш жәрмеңкелер сенбі күні облыстың барлық қалалары мен аудан орталықтарында да өтеді.

Самал Қалиқызы