Мемлекет басшысы Жолдауында «қарапайым еңбек адамына деген құрметті арттырып, ел сүйсініп қарайтындай жағдай жасау қажет» – деп атап өткен. Тынымсыз тірлік етіп жүрген олар үлкен құрметке лайық. Солардың бірімен әріптесім Қымбат Садық танысып қайтты. Экранға зер салайық.
Қайсар Қыдырбаев қаламызға үздіксіз жылу тарататын орталықта 6 разрядтағы электромонтер болып жұмыс істейді. Ол бұл салаға әскерден оралғаннан кейін орналасқан. Биыл еңбек өтіліміне 30 жыл толады.
ҚАЙСАР ҚЫДЫРБАЕВ, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 3-ЖЭО-НЫҢ ЭЛЕКТРОМОНТЕРІ
Таңертен келеміз, подготовка, допуск, наряд болады. Сосын дежурный электромонтер болады, олар бізге жазады, қай жерле устарения болғанын, соларды барып жасаймыз. Бізде кабельный хозяйственной освещения дейді мен істейтін бригаданы, 7-8 бригада бар
Сұхбат барысында кейіпкеріміз жылу электр орталығының негізгі басқару панелімен таныстырды. Бұл панельде барлық маңызды техникалық параметрлерді бақылап, электр немесе жылу өндіру процесін басқаруға арналған құрылғылар орналасқан. Осы панель арқылы операторлар станцияның жұмысына мониторинг жасап, қажетті басқару әрекеттерін орындайды.
ҚАЙСАР ҚЫДЫРБАЕВ, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 3-ЖЭО-НЫҢ ЭЛЕКТРОМОНТЕРІ
Осы жерден барлығын басқарып отырады. Қанша энергия, ыстық су шығып жатқанын қарап отырады. Ақау шығып қалса айтып отырады
Әр мамандықтың қиындығы мен қызығы бар. Кәсібінің шебері болу – әрбір жанның қызметіне деген жауапкершілігінен бастау алары сөзсіз.
Электромонтер қауіпті мамандық, әрбір сымды мұқият жалғап, қауіпсіздікті сақтауға тиіс. Сондықтан жұмыс кәсібилікті талап етеді. Қуантатыны, қазір бұл салаға қызығатын жастар қатары артып келеді.
Иә, адам өз несібесін еңбектен ғана табады. Қайсар Қыдырбаев та нәпақысын осы адал еңбектің арқасында тауып, отбасын асырап отыр. Қорыта айтқанда, еңбек адамы – тек еңбегімен ғана емес, қоғам алдындағы жауапкершілігімен де бағалы. Олардың маңдай тері, қажырлы жұмысы елдің әл-ауқаты мен гүлденуіне негіз болады.
Қымбат Садық