Павлодар қаласында телефон арқылы алдап, арбайтын алаяқ жұп ұсталды. Анықталғандай ерлі зайыптылар қаскүнемдерге көмектескен. Толығырақ тілші әңгімесінде.
Күдіктілер арам ойларын жалдамалы пәтерде іске асырған. Тінту барысында шетел байланыс опараторларының сим карталары және бірнеше роутер анықталды.
ЖАНДОС СҮЙІНБАЙ, ІІМ КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ
Жедел іздестіру іс шаралары ІІМ киберқылмысқа қарсы іс қимыл департаментінің үйлестірумен жүргізілді. Жалдамалары пәтерде әрқайсысында 8 слоты бар 5 симбокс құрылғысы анықталды. Онда қазақстандық ұялы байланыс операторларының сим карталары орнатылған. Олардлың көмегімен республика аумағында алаяқтық жасау үшін қолданылатын. Виртуалды абонентік нөмірлер тіркелген. Сонымен 4 роутермен 53 қазақстандық шетелдің байланыс операторлардың сим карталары тәркіленді. Ұсталғандар полиция жеткізілді. Анықталғандай олар міндетіне апта сайын сим карталарды ауыстыру кірген. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде.
Қазір алақтар адамдарды алдап, арбау үшін түрлі тәсілдері қолданады. Тәртіп сақшылары ұялы байланыс операторларымен бірлесіп, интернет-алаяқтармен және олардың сыбайластарымен белсенді күресті жалғастырып келеді. Биыл 9 мыңнан астам нөмір бұғатталды.
Әйгерім Тоқпанқызы