Павлодар техникалық колледжінде студенттерге арналған қызықты шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Оны Түркиядан келген аспаз өткізді. Толығырақ алдағы сюжетте.
Бұл шара «Жұмысшы мамандықтар» жылы аясында өткізілуде.Былтыр техникалық колледж түркиялық компаниямен меморандумға қол қойған, оның аясында бірлесе жұмыс істемек.
Мастер-класс – аспаздық дағдыларды жетілдіру, түрік асханасының ерекшеліктерін таныстыру және жаңа тенденцияларды бөлісу мақсатында өтті. Түркиялық аспаз Шереф Черезчи бірнеше тамақтың дайындалу әдісін көрсетіп, қызықты мәліметтермен бөлісті.
ШЕРЕФ ЧЕРЕЗЧИ, АСПАЗ
Бұл мастер-классты Қазақстанда алғаш рет өткізіп жатырмын, келгеніме қуаныштымын. Мұнда алдымен барлығын қарапайым дүниелерден бастаймыз. Бірінші гигиена, техникалық қауіпсіздікті оқытамыз. Кейін әр өнімді қалай турау керек екені көрсетіледі, пышақ мен тақтаны дұрыс таңдау керектігін де айтамыз. Тәжірибе алмасып тұрған жақсы, студенттерде көп нәрсе үйренеді
Осы шараның нәтижесінде студенттер тек аспаздық дағдыларын жетілдіріп қана қоймай, жаңа мәдениеттермен танысып, өз өнерін одан әрі дамытудың жолдарын тапты.
РАУАН ТІЛЕУЛЕС, СТУДЕНТ
Қазан кебаб пен баклажан пюресін істегенбіз..Маған баклажан ұнамайтын, но осыдан кейін ұнады маған
Мұндай шебрлік сағаты болашақ аспаздарға үлкен мүмкіндіктер ұсынады. Оқу орыны алдағы уақытта студенттердің тәжірибеден өтуі үшін де келісімшарттарға отырып, білім сапасын арттыра түсеміз дейді.
Қымбат Садық