Мемлекет басшысы 2025 жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Осы ретте биыл бұл сала қызметкерлерінің жағдайын жақсарту, әлеуетін арттыруға басымдық беріледі.

Біздің елде 2,3 млн-ға жуық адам 2 мыңнан астам жұмысшы мамандығы бойынша еңбек етеді. Мамандарға деген жоғары сұраныс көптеген бос жұмыс орындарымен байланысты. Былтыр 270 мыңнан астам бос жұмыс орны құрылды. Жұмысшы кадрлар көлік, сауда, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы сияқты салаларда көбірек сұранысқа ие. Осы ретте өңірдің кәсіподақ ұйымдарының төрағалары депутаттармен кездесіп, биыл шешімін табуы тиіс мәселелерімен бөлісті.

ИЛЬЯ ТЕРЕНЧЕНКО, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ

Иә, біздің елдің даму барысын білеміз. 90 жылдың аяғы мен 2000 жылдың басында көбі экономист, заңгер маманы болғысы келді. Сондықтан білім жүйесі өте көп көлемде аталмыш мамандықтарды шығарды. Бірақ нәтижесінде ол мамандықтар қоғамға да, жастардың өздеріне де пайдасын тигізбеді. Қажет болмады. Ал, енді Мемлекет басшысы жұмысшы мамандықтарына ерекше көңіл бөліп отыр. Себебі облыстарға өте көп көлемде инвестиция құйылып жатыр, инвестиция болған жерде өнеркәсіптер дамиды. Өнеркәсіп болған жерде онда істейтін адамдар да керек.

Кездесу барысында кәсіподақ ұйымдарының өкілдері қордаланған сұрақтардың барын жасырмады.

БАЛТАБЕК ТӨЛЕУБАЕВ, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ ЭНЕРГОЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖЕРГІЛІКТІ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Біздің әлеуметтік жағдайы туралы жұмыскерлердің ала алмайды. Ол әлеуметтік көмек деген тарифке кірмейді. Сондықтан кәсіпорын оны көтермейді. Өзгерістер енгізу туралы сол туралы көтермекшімін. Екінші мәселе ауыр жағдайда жұмыс істейтін қызметкрелер №2 тізім бойынша біздің энергетиктерде бөлімі бойынша бүгін көтермекшімін.

Павлодар облысында 4,5 мыңдай энергетик бар. Жоғарыда айтылған проблемалар біздің облыстың ғана емес, бүкіл ел энергетиктерінің көтеріп отырған сұрағы деп отыр, кәсіподақ ұйымының төрағасы. Сұрақтар шешілсе жұмысшыларды тарту, еңбек адамының әлеуетін арттыру көзделген.

ДИНАРА АЙТЖАНОВА, «ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ КӘСІПОДАҚТАР ОРТАЛЫҒЫ» АУМАҚТЫҚ КӘСІПОДАҚТАР БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Өткен жылғы статистика бойынша 103 жазатайым жағдай тіркелді. Өткен жылы жұмысшының қайтыс болуымен аяқталған бір жағдай орын алды. Бұл ретте жұмыс берушілер мен кәсіподақ ұйымдары осы жағдайларды болдырмау мақсатында жұмыс жасап жатыр. Осы бағытта арнайы жол карталарын әзірлеуге шақырамыз. Яғни жағдайлардан сабақ алып, қайталамауға тырысу керекпіз. Павлодар облысында кәсіподақтардың атынан 1200 еңбек инспекторы жұмыс жасайды.

Өткен жылы кәсіподақтық техникалық инспекторлары 7 мыңнан аса тексеріс жүргізген.

Самал Қалиқызы