Павлодар қаласында қалалық ардагерлер кеңесінің төртінші пленумы өтті. Жиын барысында биылғы Жеістік 80 жылдығы аясында атқарылуы тиіс шаралар легу жөнінде кеңінен баяндалды.
Биыл жеңіске 80 жыл. Ардагерлер қатары сирегенмен ерлік ұмытылмайды. Сондықтан, әр түрлі бағыттағы патриоттық шаралар легі көптеп жоспарланған. Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен батырлар есімін ұлықтау ісі негізгі міндет.
Жеңіс оңай келген жоқ. Миллиондаған жандар құрбан болды. Қаншама адам хабарсыз кетті. Қыршыннан қиылды. Осының бәрін еске ала отырып, бейбіт өмірді насихаттау жеңістің шынайы құнын аша түспек.
Павлодар қаласында соғысқа қатысқан 5 ардагер тұрады. Сонымен қатар тыл ардагерлерінің саны күн санап азаюда. Алайда, бұл тарих күллі адамзаттың санасынан өшкен жоқ. Өткенді біліп, қорытынды шығарған халық қана болашаққа жол таба алмақ.
Жанасыл Серікбол