Биылғы «Жұмысшы мамандықтарының жылы» аясында наубайхана технологтары да өздерінің маңызды рөлін атқарады. Олар тек дәмді нан пісірумен ғана айналыспай, сонымен қатар, нан өндірісінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, осы саладағы инновацияларды енгізу арқылы тұтынушыларға жоғары сапалы өнім ұсынуға көмектеседі. Әріптесіміз наубайхананың асханасына кіріп, мұндағы құпияларымен танысты.
БАЙТҰРСЫН ЖҰМАБАЙ
Күнделікті қарапайым нәрселерге аса қатты мән бере бермейміз. Дегенмен қызықты деректерге сүйенсек бір адам жылына Қазақстанда 60-70 келі нан тұтынады екен. Ал ас атасы қалай пайда болады қазір бірге тамашалайымыз!
Бұл жерде қызу жұмыс таң атпастан басталады. Күн сайын тұрғындардың тапсырысын орындау үшін наубайшылар қара кешке дейін тер төгеді. Нанның негізгі құрамы - ұн, су, ашытқы және тұз. Бірақ дәл осы қарапайым ингредиенттерден дәмді ас пісіру - маманның шеберлігіне байланысты. Қазір бұл процестің көп бөлігі арнайы техникамен атқарылады.
МАДИНА ЖАҚЫПОВА, КӘСІПКЕР
Адамдар қолмен ештене тасымайды. Үйткені мына жақтан ұн келеді, мына жақтан су келеді. Ал ана жерден закваска келеді. Сондықтан ештене көтермей ештене тасым нанды өзі илеп береді.
Иленген қамыр алдымен көтеру құрылғысына жіберіледі. Бұл құрылғы қамырды қажетті температура мен ылғалдылықта біркелкі көтеруге мүмкіндік береді. Тек осыдан кейін барып пешке салынады.
МАҚПАЛ ЕРМЕКБАЕВА, ТЕХНОЛОГ
Бұл итальяндық пештердебарлығы автоматизированный. Програмасын белгілеп қоямыз. Мысалы, батон болатын болса 260 температурасында, 20-18 минут піседі. 3 секундта бұл жерге пар беріледі. Сол кезде біздің нандарға увлажнение береді. – 00.48
НАДЕЖДА БЕЛЕЧЕВА, ТЕХНОЛОГ
Мен осы салада жұмыс істей бастағанда, мұндай техникалар жоқ еді. Барлығы қолмен жасалатын, әрбір процесс уақытты талап ететін. Әрине, осыған орай жұмыс та ұзаққа созылатын. Қазір техника дамып, барлығы әлдеқайда жылдам әрі тиімді орындалады
Бұдан бөлек наубайханада жас технологтар да тәжірибе жинақтап, жұмыс істеп жатыр.
МАРЖАН ДҮЙСЕНОВА, ТЕХНОЛОГ
Бірінші күннен бастап технологтар өздерінің біліктілігімен білімдерімен тәжірибелерімен бөлісіп жатыр –Мен кішкентай кезімнен ас үйде көбірек уақыт болғанды жақсы көремін
Кәсіпорын Павлодар қаласы бойынша тәулігіне 10 000-нан аса нан ШЫҒАРАДЫ. Шамамен бұл жұмысқа 2 тонна ұн жұмсалады.
Байтұрсын Жұмабай