Өңіріміздегі 109 бірыңғай байланыс орталығы 2024 жылдың 12 айында 107 421 өтініш қабылдаған. 2023 жылмен салыстырғанда өсім 15,37% құраған. Яғни, орталық 2023 жылы 93 114 өтініш қабылданған.
109 Бірыңғай байланыс орталығы – бұл аймақ тұрғындарының өтініштерін тәулік бойы үздіксіз қабылдайтын қызмет. 2020 жылдан бері жұмыс істейді. Бүгінгі таңда 109 қысқа нөміріне қоңырау шалу Павлодар облысының барлық аумағында қолжетімді.
2023-2024 жылдары ең көп өтініш маусым айында тіркелген. Барлығы 13 296, ал ең аз өтініш ақпан айында тіркеліпті. Жиыны 6 097. Әрине, ең көп өтініш облыс орталығының тұрғындарынан түседі, Павлодар қаласына жалпы өтініштердің 90 пайыздан астамы тиесілі. Ең аз өтініш Май ауданы бойынша тіркелген.
109 орталығы облыс тұрғындарының өтінішін жылдам орындау бойынша әректтер алгоритімін барынша жетілдіруде.
Жанасыл Серікбол