Құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділік саясатының негізгі қағидаты құқық бұзушылықтың кез - келген түріне төзбеушілік көрсету арқылы қоғамдық белсенділік таныту болып табылады. Өткен жылы «мүлдем төзбеушілік» шеңберінде 117 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталған. Толығырақ алдағы сюжетте

Құқық бұзушылыққа «нөлдік төзімділік» саясаты - ұсақ бұзақылық, үнсіздік заңын сақтамау, дәліздерге қоқыс тастау немесе қоғамдық орындарда темекі шегу болсын, кез келген құқық бұзушылыққа қоғамның теріс реакциясын білдіреді.

РУФАТ КЕНЖИН, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Кез келген құқық бұзушылыққа төзбеушілік қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Ал мүлдем төзбеушілік-бұл кез-келген құқық бұзушылыққа теріс реакция, мысалы, ұсақ бұзақылық, тыныштықты бұзу, алкоголь ішу, қоқыс шығару, жол жүру ережелерін бұзу, оның ішінде мас күйінде көлік құралын жүргізу деп саналады. Елімізде мүлдем төзбеушілік қағидатын іске асыру жұмыстары 2012 жылдан бастап жүргізілуде. Осы уақыт ішінде азаматтар кішігірім құқық бұзушылықтарға, бұзақылыққа және мәдениетсіздікке төзбеушілік сезімін дамытты

Иә, қазіргі таңда «мүлдем төзбеушілікке» ерекше мән беріледі, өйткені, азаматтар "102" нөміріне қоңырау шалу, материалдарды әлеуметтік желілерге жариялау, учаскелік полиция инспекторына жүгіну арқылы түрлі фактілерді тез жариялайды. Өткен жылы «мүлдем төзбеушілік» шеңберінде 117 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталған.

РУФАТ КЕНЖИН, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Оның ішінде 1375 ұсақ бұзақылық, 6929 тыныштықты бұзу, 9794 қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішу, 496 темекі шегуге тыйым салуды бұзу, 6282 абаттандыру ережесі, 1990 жалпы пайдаланымдағы орындарды ластау, жол қауіпсіздігі бойынша 91 мыңнан астам, оның ішінде мас күйінде көлік құралын жүргізгені үшін-1622 бұзушылық анықталды

Күн сайын полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қоғамдық тәртіпті сақтап, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Қоғамдық орындардың қауіпсіздігі қамтмасыз ету көзбен шолу арқылы да жедел басқару орталықтарының бейнебақылау камералары арқылы да қамтамасыз етіледі. Биыл бұл мақсатта Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында мыңнан астам бейнебақылау камераларын орнату жоспарланған.

Қымбат Садық