Павлодар қаласындағы №9 мектеп-гимназиясында облыстық Полиция департаменті оқушылармен кездесу өткізді. Кездесу барысында балалардың жолдағы қауіпсіздігі, жол жүру ережелеріне енгізілген өзгерістер, сондай-ақ буллингтің алдын алу мәселелері талқыланды.

Айына бір рет полиция басшылығы қала мектептерінде арнайы дәрістер өткізеді. Ал күнделікті тәртіп сақшылары мұғалімдермен бірлесіп профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

АЗАМАТ КҮРКЕБАЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Дәрістің басты тақырыбы ол жолдағы қауіпсіздік. Жол жүру ережесіне енгізілген өзгерсітер. Көктем, жаз айы келе жатыр. Осы мезгілдерде жастар, оқушылар электр самокаттарды, мопедтер, скутерлер қолданады. Жолды қалай дұрыс өтуді, қандай жауапқа тартылатыны жайында. Және буллинг мәселесі көтеріледі. Сонымен қоса балалар қаупсіздігі қандай адамдармен сөйлеспегендігі туралы. Артында бір кісі жүрген жағдайда қандай да қауіпсіздік шараларын қолдану керектігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.

Осындай дәрістер балаларға жол қозғалысының ережелерін ұғынуға көмектеседі. Полицейлердің айтуынша, мұндай кездесулер кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға да ықпал етеді.

Сабина Жолдаспаева