Алдағы күндері өңірімізде ауа температурасы төмендеп, тұман түседі. Синоптиктердің болжамына сәйкес, ауа райындағы өзгерістер антициклон мен циклон әсеріне байланысты болмақ.
Мамандардың айтуынша, соңғы жылдары қыс мезгілінде ауа температурасының жоғарылауы байқалады. Бұл құбылыс климаттың өзгеруімен байланысты болуы мүмкін. Ақпан айында ауа температурасы төмендейді.
МҰХАМЕД БАҚТЫБАЙ, ИНЖЕНЕР-СИНОПТИК
Алдағы уақытта солтүстік аймақтардан антициклон жақындауына байланысты өңірімізде түнде -21 градусқа дейін, күндіз -18 градусқа дейін аяз күтіледі. Сонымен қатар, циклон әсерінен тұман түсуі ықтимал. Қазірдің өзінде оның белгілерін байқауға болады. Жалпы, алдағы күндері жауын-шашын болмайды. Соңғы екі жылда бізде қыстың жылы болғаны байқалады. Бұл – жалпы климаттық үрдіс. Менің ойымша, оны ғаламдық жылынумен байланыстыруға болады.
Синоптиктердің айтуынша, алдағы күндері ауа температурасы төмендеп, тұман сақталуы мүмкін. Сондықтан жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жолда абай болуды ескертеді.
Сабина Жолдаспаева