Биыл әйгілі жазушы Рамазан Тоқтаровтың туғанына 90 жыл. Ол қазақ әдебиетінің роман жанрын айрықша байытқан қаламгерлердің бірі. Мемлекеттік сыйлықтың иегері. Жазушының ғұмыры мен шығармашылығы жайлы алдағы материалымызда.

Рамазан Тоқтаров Айыпұлы. Қазақ әдебиетіне, оның ішінде проза, роман жанрына айрықша із қалдырған қаламгер. 1935-жылы Павлодар қаласында туған. Қалада туған қазақ зиялыларының көш басындағы жазушылардың бірі. Қазақ әдебиетін тарихында алпысыншы жылдықтар аталған толқынның ірі өкілі.

АЙБЕК ОРАЛХАН, АҚЫН, ЖАЗУШЫ

Рамазан Тоқтаров өзі жастайынан әке-шешеден айырылған. Ағасын қолында өскен. Арғы тегіне тоқталсақ Жалтыр деген батыр болған екен. Одан кейін Арыстан деген би болған аатсы бар. Одан кейін Тоқтар.

Тоқтардың немересі кейін танымал жазушы болды. Онана астам роман жазып қазақ «дебиеті мол олжа салды. Француз тілі мамандығын меңгеріп, сол әдебиеттің үлгісінде қалам тербеді.

Кеңестік кезеңнің мимырт келбетін суреттеген «Бақытты құлықтың ақыры» романы да, ел мен жердің тарихын, кісілік келбетін, адами болмысын жыр еткен «Ертіс мұхитқа құяды» романы да және өзге де сүйекті туындылары бүгінгі қазақ әдебиетінің мол қазынасы. Бүгінде Бұқар жырау музейінде жазушыныңғ бірқатар мұралары сақталған.

Рамазан Тоқтаров өмірінің соңында Абай тақырыбына қалам тербеді. «Абайдың жұмбағы» атты туындығын өмірге әкелді. Ол үшін мемлекеттік сыйлықты иеленді. Жазушының барлық мұрасы бүгінгі таңда жас ұрпақтың мұрасы.

Жанасыл Серікбол