Жылыжай – табыс көзі. Осы жердегі ісінен береке тауып, еңбегінің жемісін көріп отқан жанның бірі – Светлана Ример. Оның еңбек жолы қалай басталды? Бүгінгі жетістігі қандай? Алдағы материалымызда.
Көкөністің күтімі күпті, бабы мықты болып өсуіне жылыжайдың атқарар рөлі орасан.Дастарханымызға дайын күйі келетін көкөністердің қандай күтіммен өсетініне көп көңіл аудара бермейміз.Ал, Светлана Ример бұл салада жеті жыл бойы еңбек етіп келеді.
СВЕТЛАНА РИМЕР, АҚСУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНДЕ КӨКӨНІС ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ
Өз жұмысымда тек практикалық білімдерді қолдануды ғана емес, ғылыми тәсілді де пайдаланғым келеді. Болашақта өнім сапасын, жылыжайдың өнімділігін жақсарту үшін және халыққа әрқашан дәмді, жақсы көкөніс беру үшін бұл қажет - Бүгінгі таңда технологиялық прогресс тоқтап тұрған жоқ. Ғылым да, барлық салалар да дамып келеді. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы да дамуда. Жаңа технологияларды енгізгің келеді. Көптеген ұйымдарда жаңа суару жүйелері, жаңа жарықтандыру жүйелері, жаңа препараттар енгізілуде. Мұның бәрін бізге тек жақсы оқытушылар үйрете алады
Кейіпкеріміз, тіпті, агроном саласында білім алады екен. Айтуынша, қазіргі білім беру бағдарламалары тек теориялық білімдерді кеңейтіп қана қоймай, оларды тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді дейді.
СВЕТЛАНА РИМЕР, АҚСУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНДЕ КӨКӨНІС ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ
Мысалы, айтып өтер болсақ, мен оқу барысында көптеген қызықты тақырыптарды білдім. Сондай-ақ, өсімдіктердің кейбір ауруларын зерттедік. Бұл тәжірибе бізге өте пайдалы болды, өйткені оқу басталғанға дейін өсімдіктердің дамуының кез келген ақауын анықтау үшін біз агрономдарды шақыруға, мәселені анықтауға, жұмысымыздан уақытша бас тартып, процесті тоқтатуға мәжбүр болдық; ал бүгінгі күні біз өсімдіктердің кейбір қарапайым ауруларын немесе дамудағы кемшіліктерді өзіміз анықтай аламыз. Сондай-ақ, оларды жою үшін қажетті шараларды қолдана аламыз
Иә, еселі еңбектің арқасында жемісті жұмыс жатыр. Біздің кейіпкеріміз де өз жұмысын ұнатып, қазір несібесін тауып отыр.
Қымбат Садық