Елімізде тазы және төбет күнін мерекелеу ұсынылды. Экология және табиғи ресурстар министрлігі мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы қаулыға толықтыру енгізді. Оған сәйкес, 3 қыркүйек – қазақы ит тұқымдарының күні ретінде аталып өтілуі мүмкін. Аталған жоба 17 ақпанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды. Тазы жанашылары да бұған дейін осы бастаманы көтерген болатын.

АБЗАЛ ДОСМАН, «NOMAD» ҰЛТТЫҚ САЯТШЫЛЫҚ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ МҮШЕСІ

Тазы күні бекітілгеннен кейін, белгілі бір әрбір өңірде іс-шаралар болады. ол іс-шаралар сәйкесінше, үгіт-насихатталады деген сияқты. Енді тазыны насихаттау үшін алдымен өзіміздің елімізде насихат жұмыстарын толық-қанды жалғастырып, аяғына дейін жеткізу керек. Тазы жалпы қазақ брендіне айналуы керек