Жастар бастамаларын дамыту орталығында сағындырған ескі әндер орындалған кеш өтті. Оның аясында музыкалық бинго ойыны да ұйымдастырылды.
«Әннің де естісі бар, есері бар». Бұл музыкалық кеште сырлы жастық шақтыв еріксіз көз алдына әкелетін, сағынышқа толы әндер шырқалды. Шара «Жастар вайб» жобасы аясында өтті. Иә, ретро әндерге күні бүгінге дейін жұрттың ықыласы ерекше. Мәнді де ырғақты әуендер өткен күннен сыр шертетін тамаша сәттерді тағы бір еске түсіруге ықпал етті.
ЖАНДАРБЕК ҚАБДРАШ, ЖАСТАР БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖАСТАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Негізі алдында музыкалық бинго ұйымдастырған болатынбыз. Бірақ, бағыты общий болды. Барлық әндер барлық тілде дегендей, сондықтан қазіргі таңда қазақ тілін жастар арасында насихаттау керек болғандықтан осындай мақсатпен ұйымдастырып жатырмыз. Жастар бастамалары дамыту орталығының әр іс-шарасы қызықты. Сондықтан парақшамызға жазылып, тұрғындар қарап тұрса болады. Бәрі тегін түрде, бәрі қатыса алады
Концерттің ерекшелігі, қатысушылар музыкалық бинго ойынын ойнау арқылы ретро-әндерді тамылжыта орындады. Жасиа кәроі де әсем әндерді қосыла шырқап, кеш ажарын аша түсті.
БАЛКЕН ИБРАЕВА, ЗЕЙНЕТКЕР
Менің ойымша жалғастыратын сағындырған әндер болады. Мәні мен мағынасы бар, сондықтан қазіргі мен бұрынғы өлекңдерді салыстырады ең бастысы
Сондай-ақ, қонақтарға демеушілер ұсынған қазақша дәм ұсынылды. Бұл кешке әртүрлі буын өкілдерінен 100-ден астам адам жиналды. Мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
Қымбат Садық