Павлодар облысында 1 ақпаннан автогаз 180 теңгеден 102 теңгеге дейін қымбаттады. Жалпы өңірде газ тасымалдайтын, жүзеге асыратын неше ұйым бар? Газдың тапшылығы бар ма? Тілшіміз айтсын.
Қазақстанда 1 ақпаннан бастап энергетика министрлігінің бұйрығымен автогаз қымбаттады. Оның себебін, облыстық түкш және энергетика басқармасы айтпады. Бірақ қымбаттауды растады.
ӘЛІШЕР ТЕМІРТАС, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ТҮКШ ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
ҚР Энергетика министрілігінің бұйрығына сәйкес 1 ақпаннан түзету болды. біздің облыс бойынша 1 литр бағасы 102 теңгеге көтерілді. Облыс орталығынан 200 шақырым алшақ жерде 107 теңгені құрайды. Ұстанып жатыр. Газда дефицит жоқ, байқалмайды.
Аймақта газдың бағасы осыған дейін литріне 82 теңге болды. Осылайша осы айдың басынан автогаз бағасы 20 теңгеге өсті. Өсім біздің өңірде ғана емес, бүкіл ел бойынша тіркелді.
ТЕМІРТАС, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ТҮКШ ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
ПНХЗ-дан объем алады. Ай сайын 5 мың тонна біздің облысқа бөлінеді. План поставка бойынша. Сол поставка бойынша 19 ұйым газ алып, реализация жасайды.
Сонымен, елде сұйытылған газға сұраныс өскен: 2022 жылы 1.2 млн тонна газ тұтынылса, 2024 жылы 2,4 млн тоннаға дейін жеткен.
Самал Қалиқызы