Ақсу қаласының орталықтандырылған кітапханасында Кеңес Одағының батыры Махмет Қайырбаевтың 100 жылдығына орай кездесу ұйымдастырылды. Оның аясында Мұрат Қайырбаевтың «Жизнь замечательный людей» сериясының «Махмет Қайырбаев» деген кітабы таныстырылды.

Мұндай шара Ұлы Отан соғысындағы жерлес батырлардың ерлігін есте сақтау, өңірдің өткен тарихына қызығушылығын арттыру, адамгершілік-патриоттық тәрбиеге ықпал етеді. Бұл шараға зиялы қауым өкілдері мен құрметті азаматтар да қатысып, Махмет Қайырбаевтың ерлігін еске алды.

Оқырмандарды өткен жылдардағы көрнекті қайраткерлердің өмірімен таныстыратын «Жизнь замечательный людей» сериясы сонау 19 ғасырда құрылған. Содан бері кітаптың 1500-ден астам саны жарық көрді. Оның кейіпкерлері Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Кенесары Қасымов сынды тұдғалар болды. Осы жолы кітап Мұрат Қайырбаевтің әкесі, Кеңес Одағының батыры Махмет Қайырбаевқа арналды. Ол мемлекекет қайраткері, еліне қызмет еткен азамат.

МҰРАТ ҚАЙЫРБАЕВ, МАХМЕТ ҚАЙЫРБАЕВТІҢ ҰЛЫ

Әкем мені әуежайдан немересімен бірге қарсы алды. Мен багажымды түсіріп жатқанда, ол үйге кетіп қалды. Мен аға-інілеріммен бірге жарты сағаттан соң үйге келдім, әкем кабинеттен шықпады. Көздері қызарған, жылаған секілді. Мен үстел басында отырып, не болғанын сұрадым, ол мені үнсіз құшақтап, көзіндегі жасты жасырып: «Балам, сен менің орындалмай кеткен арманымды орындадың» деді

Кітапты Махмет Қайырбаевтың ұлы Мұрат Қайырбаев жазған. Онда әкесінің бұған дейін белгісіз болған өмірбаяны жазылған. Мұрағат материалдары пайдаланылған.

Шара барысында Махмет Қайырбаевқа арналған деректі фильм мен кітап көрмесі де әзірленді.

Қымбат Садық