Наурыз айының 17-сінде елімізде «Наурыз жұмыскер» тұрғын үй бағдарламасы өтініштерді қабылдай бастайды. Бұл бағдарлама аясында кімдер баспаналы бола алады, ережелері қандай? Тілшіміз айтсын.
Үкімет Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған Жұмысшы мамандықтары жылы аясында техникалық мамандарды қолдау шараларын қабылдауда. Солардың бірі - «Наурыз жұмыскер» тұрғын үй бағдарламасы. Бағдарлама өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және су ресурстары салалары қызметкерлерін қамтиды.
МЕЙРАМ БАҒДАТОВ, «ОТБАСЫ БАНК» АҚ ПОФ БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ
Жалпы осы жылда Наурыз Жұмыскер бағдарламасы іске қосылады. 17 наурызда өтініш қабылданады. Ол жұмыскерлерді жұмыс істеуші орындарына байланысты. Байланысты бағдарлама жүзеге асырылады. 2440 өтініштен астам қамту мақсат тұр. 72 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді.
Бағдарлама талаптары бойынша азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін 7% және қалған барлық санаттар үшін 9%-дық мөлшерлемемен несие беріледі. Бастапқы жарна – таза әрлеудегі бастапқы тұрғын үйді сатып алу үшін 10%-дан, әрленбеген бастапқы тұрғын үйді және қайталама нарықтағы тұрғын үйді сатып алу үшін 20%-дан басталады.
МЕЙРАМ БАҒДАТОВ, «ОТБАСЫ БАНК» АҚ ПОФ БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ
Ең басты талап депозиттің болуы. Біздің клиент болуы. Соңғы 5 жылда үйі болмауы керек. Павлодар секілді қалаларда ең жоғарғы 30 млн теңге, Алматы,Астана қалаларында 36 млн теңге болып табылады.
Айта кетейік, «Наурыз» бағдарламасы 7 жылға енгізілген, «Наурыз жұмыскер» сол бағдарламаның бір қанаты. Жалпы 2024 жылы облыс бойынша «Наурызға» қатысуға 871 адам өтініш білдірген. Ел бойынша 123 азамат баспаналы болды.
Самал Қалиықызы