Қала тұрғындары көпқабатты пәтерлер кіреберісінде спиртті сусын тұтынатын азаматтарға жиі шағымдана бастады.
Қоғамдық тәртіпті бұзу, алкогольді ішімдік ішу, қоғамдық орындарда мас күйінде жүру деректері бойынша 600-ден астам адам жауапқа тартылды. Құқық қорғау органдары жақында болған оқиғамен бөлісті.
РУФАТ КЕНЖИН, ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Полиция бөлімшесіне Назарбаев даңғылындағы үйдің тұрғындары қоңырау шалып, подъезде ер адамның жалғыз өзі алкогольдік ішімдік ішіп отырғанын хабарлады. Дәл осындай қоңырау Гагарин көшесіндегі үйден де түсті, мұнда 8-ші қабатта қолында спирттік ішімдік бар мас адам отырған. Мәскеу көшесінде орналасқан аялдамалық павильонда мас күйде жүрген ер адам байқалды. Ішу фактісіне қоса, ер адамдар алаңдарда темекі де шеккен. Құқық бұзушылар уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізілді, онда медициналық тексеруден өтті, енді олар 5 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге міндетті.