Кенжекөл ауылының тұрғыны, қоғамдық қайырымдылық қорының жетекшісі Ерсайын Шапин мектеп оқушылары мен техникалық қызметкерлерге тегін аяқ-киім таратты. Толығырақ алдағы бейнематериалда.
Ерсайын Шапин «Халық сенімі» қоғамдық қайырымдылық қорының жетекшісі болғанына 5 жыл уақыт болған. Осы уақыт арасында ол қайырымдылықпен үздіксіз айналысып келеді. Бұған дейін пандемия кезінде 12 миллионның тауарын, 4000 мың масканы тегін таратқан. Енді міне кезекті рет ауыл мектептерінің оқушылар мен шаруашылық қызметкерлеріне 600 жұп аяқ-киім берді. Бұл жұмыстар демеушілер қаражаты есебінен жүзеге асып отыр.
ЕРСАЙЫН ШАПИН, «ХАЛЫҚ СЕНІМІ» ҚОҒАМДЫҚ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Осы жолы 50 млнның товарын халыққа таратып отырмын. Осы Кенжекөл ауылы мектебінің историясында болмаған, 600 пар қысқы аяқ киім беоіп отырмын. Лебяжі ауданына 61, Қорт ауылының мектебіне 100 пар, Майқарағай 100, Шарбақты ауданы мешітіне 100 бар беріп отырмын
Сауапты іске себепкер болған Ерсайын Шапин Кенжекөлде 15 жыл тұрады, оның үйінің төбесінде туымыз ілініп тұр. Зейнеткер қоғамдық жұмыстарға да белсенде атсалысады, қайырымдылық жасау игі іс деп біледі.
Айта кетейік, Кенжекөл аулындағы мектеп 1500-ден астам оқушы бар. Ауыл азаматтары да түрлі акцияларға қатысып, көп көмек береді дейді мектеп ұжымы.
Осындай мәрт, қолы ашық азаматтардың тұрақты түрде көмектесіп, игі іске сеп болуы көңіл қуантады.
ҚЫМБАТ САДЫҚ