Алматы қаласында 15-25 қаңтар аралығында шахматтан балалар, жасөспірімдер және жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Биылғы дода еліміздің 20 өңірінен 1000 ға жуық спортшының басын қосты. Әр жас санатында үздіктер анықталып, ел чемпиондары марапатталды.

 

Биыл ел чемпионаты ауқымды бәсекелестікпен өтті. Павлодар облысынан іріктелген үздік ойыншылар жарыста өңір намысын қорғады. Жергілікті басқарманың қолдауымен жас шахматшылар ел біріншілігінде өз шеберліктерін көрсетіп, жоғары нәтижеге жетті.

АРЫСТАН ҚАПАЕВ, ҚАЗАҚСТАН ШАХМАТ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ

6-18 жасқа дейін жарыс өтті. Бұл ең үлкен дода. Біздің облысымыздан отбор өткеннен, 3 адамнан барды. Басқармаға рахмет. Балаларды жіберді. Барлығы 50 шақты адам қатысты. Қазақстан бойынша 975 адам қатысқан. 00:54+СКЛЕЙКА+01:44////Конкуренция үлкен болды. Астана, Алматы қалаларынан көп қатысушы келді. Атап өтейін дегенім, Жания Науанова классикадан 18 жасқа дейін 1 орын алды. Енді әлем чемпионатына қатысады. Блицтан 3 орын алды. Айтып кетсек, бізде 1 бірінші орын бар және 2 қола медаль бар. 

Бұл чемпионатта Павлодар облысының намысын қорғаған жас шахматшылардың бірі Жәния Науанова керемет ойын өрнегін көрсетті. 18 жасқа дейінгі классикалық шахматтан Қазақстан чемпионы атанды. Ол турнир барысында бірқатар мықты қарсыластарын жеңіп, өзінің шеберлігін дәлелдеді.

ЖӘНИЯ НАУАНОВА, ШАХМАТ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЧЕМПИОН

Мен шахматқа 10 жасымда келдім. Қазір 16 жстамын. Шахмат ойнауды атам үйреткен. Бала кезмде көп ойнайтымын атаммен. Әрине бірінші кездері жеңіліп жүрдім. Содан ата-анам шахмат үйірмесіне апарды. Қазіргі менің бірінші және қазіргі тренерім Рахметов Руслан Аманжолович. Жэалпы мен 2024 жылы Тайландта Азия чемпионатында ойнадым. Классикадан және рапидтен бірінші орын әкелдім. Қазақстан елінің намысын қорғай алдым.Қаңтара айында классикадан 9, рапидтен 9 және блицтан 9 тур өтті. Мен классикадан 9 ойыннан 7 ұпай алып, 1 орынға ие болдым. Блицтен 3 орын алдым. 02:10

Айта кетейік, Жания Науанова осы жылдың күзінде Албания мемлекетінде өтетін әлем чемпионатына жолдама алды. Ол Қазақстанның атынан халықаралық аренада ел намысын қорғайды.

САБИНА ЖОЛДАСПАЕВА