Ауыл-ел бесігі. Бұл ежелден келе жатқан нақыл сөз. Сондай-ақ, дәл осы атаумен мемлекеттік бағдарлама да көп жылдан бері жұмыс істейді. Осы бағдарламаның игілігін көрген елдімекендердің бірі –Ақсу ауылдық аймағының Пограничник ауылы.
Бұл - Пограичник ауылындағы фельдшерлік акушерлік пункт. Жаңадан ашылған нысан халыққа етене қызмет көрсетуде. Барлық медициналық алдын-алу шараларын жүргізіледі. Өзге де қажетті шаралар атқарылады. Маманар да, құрал-жабдықтар да жеткілікті. Бұны тұрғындар да қуаттайды.
Иә, Пограничник ауылына соңғы жылдары көп игіліктер жасалды. Жол салынды. Жарық тартылды. Әлеуметтік нысандар бой көтерді. Бұл әрине халықтың қуанышы. Ауыл жастарының болашағы.
Ал, ауылдағы мәдени-сауық орталығы тұрғындар бас қосатыфн басты орын. Міне, балалардан құрылған шағын хор күнделікті дайындық үстінде. Араларында болашақ өнер жұлдыздары тұрғандығы да сөзсіз. Оған дейін әлі көп жолдар бар. Көп тер төгу керек.
Бұнда қолөнер үйрімесі де жұмыс жасап тұр. Балаларға, жас жеткіншектерге ісмерліктің қырын үйретеді. Жіп тоқудан бастап, тігіннің қарапйым түрлері де үйретіледі. Күре жолдың бойындағы ауылдың күнделікті тіршілігі осындай. Ауылдың бір күндік тіршілігі жайлы 6-ақпан күні сағат 19-30 да тамашалй аласыздар.
ЖАНАСЫЛ СЕРІКБОЛ