Былтыр елімізде рекордтық көлемде астық жиналды. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 60 пайызға артық.


Көлемі 27 миллион тоннаға жуықтады. Сондай-ақ, 6 миллионнан аса майлы дақылдар мен картоп жиналды. Ал, көкөністің көлемі шамамен 4 миллион тоннаға жуықтаған. Жалпы, Қазақстан жыл сайын 8-9 миллион тонна астық экспорттайды. Оның жартысынан көбі – бидай. Еліміз өнімді 40-тан астам елге экспорттайды. Олардық қатарында Ауғанстан, Қытай, Түркия, Иран, Тунис, Италия бар. Жалпы, жөнелтілетін өнімнің басым бөлігі Орталық Азия елдеріне жіберіледі. Былтыр қараша айында, 6 миллион тоннадан астам астық экспортталды.