Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында жерлесіміз алтын медальға ие болды. Павлодарлық Роман Иванов фристайл акробатикадан тұғырдың ең биік сатысына көтерілді.

Харбинде өтіп жатқан ІХ қысқы Азия ойындарында отандастырымыз Ардана Маханова мен Аяна Жолдас фристайлдан қола жүлдеге ие болды. Синхронды секіру бойынша жарыста Азия біріншілігінің иелері қытайлық атлетшілер бірінші және екінші орынды өзара бөлісіп алған болатын. Көпке ұзамай фристайлдан Қазақстанның ерлер командасы құрама қоржынына екінші алтынды салды.

Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов тұғырдың ең биік сатысына бірден көтерлді. Айта кетуіміз керек, 23 жасар Роман Иванов павлодарлық спортшы.

Ал ерлер арасынждағы 10 шақырымдық спринтте Владислав Киреев алтын медальді жұлып алса. Вадим Куралес жарысты 30 минут 40,6 секундта екінші болып аяқтап қоржынға күміс жүлдені кіргізді.

5 күнде жарыстардың нәтижесіне сай, ұлттық құрама қоржынына 12 медаль түсті. Оның үшеуі алтын, бесеуі күміс, төртеуі қола.

Байтұрсын Жұмабай