Павлодар қаласына қарасты Атамекен мен Кенжекөл кентінің балабақшаларында орын тапшы. Ал, облыс орталығындағы балабақшаларда 1000-ға жуық бос орын бар екен. Бұл олқылықтың себебі неде? Алдағы бейнематериалда.

Павлодар қаласында жалпы 85 мектепке дейінгі білім беру ұйымы бар, оның 73-і мемлекеттік, 10-ы жеке меншік балабақшалар. Жалпы қаладағы мектепке дейінгі ұйымдарға 17 мыңға жуық бала барып жүр.

ҚҰРАЛАЙ КҮЗЕЕВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ

Мыңнан аса бос орындар әлі де бар. Кезекте 7 мыңнан аса бала бар. 3 мыңнан астам стоп парақшасына енгізілген. Олардың ата аналары балабақшаларды таңдамаған. Кейбір ата аналар балаларын кішкентай деп, мектепке дейінгі ұйымдарға бермейді. Кейбір ата аналар арнайы бір балабақшаны тосып отырады. Үйінін, жұмысынын жанындағы деген сияқты.

Бос орындардың көбі 1-2 жастағы балаларға арналған. Сәйкесінше бұл жаста ата-аналар кішкентайларын бақшаға беруге асықпайды. Ал, Атамекен кентінде, Кенжекөлде, Ворушин мөлтек ауданындағы балабақшаларда керісінше орын тапшы, деді спикер.

ҚҰРАЛАЙ КҮЗЕЕВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ

Мемлекеттік қызмет индиго 24 арқылы жүзеге асырылады. Ата ана осы сайтқа кіріп, кезек тұрып, парақшаны толтырып, балабақшаны таңдай алады. Жолдама автоматты түрде нөмір кезегіне сәйкес жіберіледі. Электронды келісімшарт жасауы керек балабақшамен.

Осы ретте, білім беру бөліміндегі мамандар ата аналарға индиго жүйесіне кіріп, кезек, бос орындар туралы ақпаратпен танысып отыруға шақырады.

Самал Қалиқызы