Облыс әкімдігінде су тасқын кезеңіне дайындық барысы талқыланды. Қалалар мен аудандардың әкімдіктері жергілікті бюджет есебінен тасымалданатын 104 мотопомпа, 15 мыңнан астам қапшық, 61 сорғы сатып алған. Бұдан бөлек қандай дайындық шаралары атқарылды? Қандай тапсырмалар жүктелді? Толығырақ алдағы сюжеттен көрейік.

 «Қазгидромет» Павлодар облыстық филиалының деректеріне сүйенсек, өңірдің барлық аумағы 100% қармен жабылған, ал топырақтың күзгі ылғалдылығы 60%-ға артқан. Қардағы судың қоры да нормадан 7%-ға асып тұр. Ал топырақтың орташа қату тереңдігі, өткен жылмен салыстырғанда 41%-ға аз. Сондай-ақ, ақпанда және наурызда жауын-шашынның облыс аумағында қалыпты деңгейден көп түсетіні болжануда. Сондықтан қабылданған алдын алу шаралары 8 елді мекенде су басу қауіптерін төмендетуге мүмкіндік бермек.

РҮСТЕМБЕК ӘМРИН, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ТЖД БАСТЫҒЫ

8 елдімекен дегеніміз бұл Ертіс пен Успен ауданы – үш пунктерден, Аққулы ауданы мен Шарбақты ауданында – бір-бір пункте қауіп төмендетілді. Жергілікті бюджеттен 104 тасымалданатын мотопомпа, 15 000 қапшық, 60-тан астам сору-қысымдық шлангілер бөлінген. Бірнеше рет күшті тасымалданатын мотопомпаларды сатып алу мәселесі көтерілді, олар тасымалданатындардан бес есе күшті және тиімді жұмыс істейді. Павлодар – 360 ат күші бар шлангілермен 500 метрге дейін, Ақсу – 88 литр, Ертіс – 25 литр 700 метрге дейін сатып алды

Облыстық әкімдік бекіткен инженерлік жұмыстар жоспары 63%-ға орындалды. 18 км қорғау дамбалары мен жоталары салынды және нығайтылды, 4 км-ден астам су төгу арналары жөнделіп, салынды, 24 су өткізгіш құрылғы орнатылып, ауыстырылды.

РҮСТЕМБЕК ӘМРИН, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ТЖД БАСТЫҒЫ АУДАРМА

Успен ауданында бес іс-шара орындалды, Павлодар ауданында – үш, Павлодар мен Ақсу қалаларында – бір-бір шара өткізілді. Павлодар қаласында бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда, ал Үштерек ауылында үйінді әлі салынған жоқ.

Ақмола және Қарағанды облыстарында қар жинақталуы өткен жылдың көрсеткіштерінен 1,5 есе артық. Осыған байланысты, ТЖД күштері мен құралдарының топтамасын Актогай және Баянауыл аудандарына алдын ала көшіру қарастырылған. Қауіпті су тасқыны аймақтарын мониторингтеу үшін Актогай және Баянауыл аудандарында, сондай-ақ Қарағанды облысындағы «Ақжар» және «Қаратока» бөгеттерінің бір бөлігін қамтитын аэроаизуалды тексерулері жүргізілді.

РҮСТЕМБЕК ӘМРИН, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ТЖД БАСТЫҒЫ

Бұл бөгеттердің жағдайы алаңдаушылық туғызып отыр. «Ақжар» және «Қаратоқа» бөгеттері Қарағады облысындағы тұрғындарға қауіп төндірмейді. Өйткені бұл Павлодар облысыныңғ шекарасында орналасқан. Сәйкесінше, бұл бөгеттерден Баянауыл ауданына үлкен қауіп төнеді. Сондықтан Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментіне хаттама толтырып жібердік. Бұдан бөлек, қар қорының өлшемдері жалғасуда. Кейбір өңірлерде қар тазалау және шығару жұмыстары тиісті деңгейде емес

Бүгінгі таңда Шүлбі су қоймасының толтырылуы 81,5% құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,5%-ға артық. Осыған байланысты, Павлодар мен Ақсу әкімдіктеріне күшті нығайту жұмыстарын қысқа мерзімде жүзеге асыруды қамтамасыз ету қажет. Баянауыл, Май, Павлодар, Ақтоғай аудандары ерекше назарда болмақ. Аудан әкімдері су басатын тарихи орындарды зерделеп, ауа-райына, су айдындарының толуына мониторинг жүргізіп, барлық алдын алу шараларын қабылдауы қажет.

СЕРІК БАТЫРҒҰЖИНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

Тәжірибе бар бәрінде. Слгдықтан қай жерде қандай сутасқыны болды, қандай аулаға, ауылға қауіп болды, оның бәрін сіздер білесіздер. Бәрінен біз тізбелеп сұраған жоқпыз, Аққулы ауданында былтыр болды бір ауылға су барды. Соның бәрін зерттеп, сол ауылдағы тұрғындармен жұмыс жасау керек. Бірінші қауіпсіздік бойынша ауланы тазалату қажет. Үйдің ауласын су басуға бірінші себеп болатын шығарылмаған қар.Ал ауыл, жол ол біздің жауапкершілік.Ауладан қар шықпаса, көшені тазалау керек. Көщеден қар шықпаса ауланы тазалау керек. Біз өмір бойы ауылда тұрдық, бәріміз ауланы тазалайтынбыз

Жиын соңында салалық басқармаларға, қалалар мен аудандардың әкімдеріне 20 ақпанға дейін қар шығару жұмыстарын жүргізу, 1 наурызға дейін «ҚазАвтоЖол» филиалымен бірлесіп жолдардағы су өткізу құбырларын ашу жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.

Қымбат Садық