Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мемлекеттік басқаруды жаңғырту мен азаматтардың өмір сапасын арттыруда маңызды. Соңғы жылдары Қазақстанда мемлекет пен халық арасында тиімді әрі қолжетімді цифрлы инфрақұрылым қарқынды дамып келеді.
Бүгінгі таңда Егов арқылы азаматтардың 93 пайызы электронды қызметтерді алады. Олардың 90,8 пайызы смартфон арқылы қолжетімді. Биометриялық идентификация мен Кюар қолтаңбалар электронды қызметтердің алуды жеңілдетті. Мәселен бір жылда қазақстандықтар кюар арқылы 23 миллион құжатқа қол қойған.
Қазақстандағы цифрлы трансформация мемлекеттік қызметтерді қолжетімді, тиімді етуге бағытталған. Мәселен геопорталда 12 мемлекеттік қызмет, яғни жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бойынша қызметтер ұсынылады екен.
Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларының тұрғындары портал арқылы жер телімдерін сатып, нысаналы мақсатын өзгертеді, жер құрылысы жобасын бекітіп, басқа да мемлекеттік қызметтерді ала алады.