Облыстық көркемсурет музейінде скетч академияның «скетч-арт» атты есептік көрмесі ұйымдастырылды. Онда жас павлодарлық суретшілер өз картиналарымен қала тұрғындарын таңқалдырды. Көркем өнер көрмесін тамашалап қайтқан тілшіміз толықтырсын.
Скетч академиясында балалар алты жылдан астам уақыт эскиз жасауды үйреніп келеді. Көптеген орындау әдістері балалардың қиялымен бірге ұштасып таңғажайып бейнелермен ерекше суреттер жасалған. Жас суретшілер үшін бұл кішігірім мереке және әркім өзінің шығармашылық қабілетін дамыта алатын өнер мен шығармашылық әлеміне алғашқы қадам болып табылады.
ДАУРЕН КӨШЕН, СКЕТЧ-АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Бұл – тез салынған суреттер, мұнда олар біртұтас композиция құрастырады немесе, мысалы, кофеханаларда 5-10 минут ішінде сурет салуы мүмкін. Осы салада балалар көбінесе иллюстрациялармен айналысады, әртүрлі кейіпкерлерді, түрлі батырларды салады. Біз сондай-ақ аниме, комикс салу жолдары бойынша және бейнелеу өнері жұмыстарын жасауды да дамытамыз
Скетчинг – бұл сурет салу өнерінің бір түрі. Бұл техникада салынған картиналар тез жасалады, бұл әдіс өте қарапайым және кәсіби суретшінің дағдыларын қажет етпейді. Біздің өңірде де бұл өнер дамып келеді, осы мақсатта жас суретшілердің есептік көрмесі өтті.
ДИЛАРА ҚАЙДАР, ЭКСКУРСИЯ МАМАНЫ
Жалпы музейде 40-қа жуық баланың туынжылары ұсынылған болатын. Негізгі тақырыбы мультиәлемге арналған. Мультиәлем дегенімізі бірегей әртүрлі мәдениеттердің бір арнаға тоғысуының көрінісі болып табылады Менің ойымша қазір шығармашылықпен айналысатын балалар саны өте көп, және осындай ерекше академиялардың болуы еліміз үшін өте маңызды
Бір қарағанда, бұл қарапайым балалардың суреттері сияқты көрінеді. Бірақ бұл – нағыз өнер туындылары, және олар тәжірибелі көзқарасты күтеді. Әр суретте өзінің терең мәні бар. Сонымен қатар, мұндай шығармашылық дизайн әлеміне жол ашатын жақсы бастама болуы мүмкін.
Жалпы есептік көрмеде 40-қа жуық картина қойылған. Суреттерді облыстық бейнелеу өнері мұражайында көруге болады. Көрме 16 ақпанға дейін жалғасады.
Қымбат Садық