Павлодар облысының тұрғындары ауруға 1,5 есе сирек шалдығатын болған. Жіті респираторлы вирустық инфекциямен 164 мыңнан астам жағдай тіркелді, ал өткен жылы дәл осы кезеңде 249 мыңға жуық жағдай болған. Жалпы, респираторлық аурулардың таралуынан қалай сақ болу керек? Бұл туралы өңірлік комуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мамандары аурушаңдық пен респираторлық вирустарды зертханалық тексеру жұмыстарын жалғастыруда. Мысалы 14 жасқа дейінгі балалар арасында 104846, оның ішінде 1 жасқа дейінгі балалар арасында – 7110, жүкті әйелдер арасында 353 жағдай тіркелген.

ЗӘМЗӘГҮЛ ДОЩАНОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

1394 үлгіден 64 оң нәтиже анықталды, ол А типті және Б типті тұмаудан бір жағдай. Олардың ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 21 жағдай, мұнда екі жасөспірім ауырды, ал ересектер арасында – 41 жағдай, оның ішінде жүкті әйелдер арасында тұмау жұқтырған 17 жүкті әйел бар

Бұл цифрлар жүкті әйелдердің қауіпті топта екенін көрсетеді. Осы кезде тұмау өңірдің барлық аумағын әртүрлі қарқындықпен қамтып өткен.

ЗӘМЗӘГҮЛ ДОЩАНОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Тұмау ауруы келесі аймақтарда тіркелді: Павлодар қаласында – 26 жағдай, Екібастұз қаласында – 24 жағдай, Ақсу қаласында – 6 жағдай, Тереңкөл және Шарбақты аудандарында – 2 жағдайдан, Май, Баянауыл, Павлодар және Железинка аудандарында тұмау бойынша бір жағдайдан тіркелді

Респираторлық инфекциялар, әдетте, қыс мезгілінде қаңтар-ақпан айларында шарықтау шегіне жетеді. Сонымен қатар өңірде 103 тұмау емес вирустар анықталған.

ЗӘМЗӘГҮЛ ДОЩАНОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Оның ішінде 5 – бокавирус, 7 – респираторлы-синцитиалды вирус, 9 – парагрипп, 2 – метапневмовирус, 15 – аденовирус, 28 – коронавирус, 37 – риновирус. Өткен эпидемиялық маусымда тұмаудан тыс вирустық аурулардың құрылымы осы штаммдардан тұрады

Мамандар қолды жуу, бөлмелерді желдету, респираторлық этикетті сақтау, көпшілік орындарға барудан және жұқтырған адамдармен байланысудан аулақ болуды еске салады.

Қымбат Садық