Қаламыздағы «Астана» мұз айдынында облыстық деңгейде азаматтарға бос орындар жәрмеңкесі өтті. Жұмыссыздарға 300 жуық вакансия ұсынылды. Толығырақ тілшіміз айтсын.
Павлодар облысының жұмыссыз азаматтары үшін кезекті бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жұмыс іздегендер қатарында зейнет жасына жақындаған өңір тұрғындары мен оқуын аяқтағалы жатқан студенттер көп.
Жәрмеңкеге мемлекеттен грант алып, жеке кәсібін бастағандар да қатысты. Олар өздерінің нан тоқаш, тәтті өнімдерін, қолдан жасаған бұйымдарын көрмеге ұсынды.
ҚАРЛЫҒАШ ҚАЙЫРБЕКҚЫЗЫ, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР (ТЕРЕҢКӨЛ АУДАНЫ)
Үйде отырып, 5 баланың анасымын. Осындай ас үйге, үйге текстиль тігемін. Көбінесе ұлттық нақышта. Ас үйге түрлі нәрселер тігемін.
Президент осы жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп бекіткен еді. Сондықтан облыстық бос орындар жәрмеңкесі соған негізделіп отыр. Жалпы 50-ден астам жұмыс беруші өз вакансияларын ұсынды.
АРУЖАН АЗАМАТОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ
Бұл жәрмеңкеге бізге құқықтану, айти, қаржы, экономист мамандығындағы 18-35 жас аралығындағы әйел немесе ер адамдар қажет. Бізде тегін түрде 6 айлық оқуға барады. Сонда оқиды, лейтанант шеніндегі мамандықты алып шығады.
Қазір Павлодар облысының еңбек нарығында құрылыс, өнеркәсіп, ауылшаруашылық, білім, денсаулық саласында мамандар тапшы. Облыста 12 мыңға жуық жұмыссыз адам бар. Бірақ көрсеткіш жылдан жылға азайып келеді, деді жауапты басқарма басшысы.
АЛЬМИРА ДИСЮПОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Бүгінгі таңда 50-ден аса жұмыс берушілер 300-ден астам вакансияларын беріп отыр. Келген ххалықтың саны да көп. Түске дейін толықтай өткізілетін болады. Қайтарымсыз гранттарды берген азаматтар өз өнімдері, кәсіптерін көрмеге көрсетіп жатырмыз.
«Астана» мұз айдынында ұйымдастырылған жәрмеңкеге келгендер қатары қалың болды. Бәрі де екі қолға бір күрек алып, жұмыс бастағысы келеді. Айта кетейік, бүгін еліміздің барлық өңірлерінде осындай бос орындар жәрмеңкесі өтті.
Самал Қалиқызы