Павлодар облысының фермерлері көктемгі егіс жұмыстарын ойдағыдай жүргізуі үшін арзандатылған бағада 27600 тонна дизель отыны бөлінді. Бұл мөлшер жеткілікті ме? Келесі материалда.
2025 жылғы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне арзандатылған дизель отынын жеткізу жөніндегі операторды іріктеу конкурсына қатысуға өтінімдер қабылдау жүргізіледі. Өңірге 27,6 мың тонна арзандатылған дизель отыны беріледі.
ЕРҒАНАТ ӘУБӘКІР, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
Көктемгі дала жұмыстарына Павлодар облысына 27600 тонна арзандатылған дизель отыны бөлініп отыр. Өңірлік операторлар анықталуда. 232 теңге литріне. Осы оператор анықталғаннан кейін жалпы баға анықталады. Құжаттар қабылданғанна кейін нақты оператор анықталғанын айтатын боламыз.
Облыс бойынша 620-дан астам өтінім келіп түскен. Еске сала кетейік, Ертіс-Баян өңірінде егін өсірумен мыңнан аса шаруашылық айналысады. Олардың егіс алаңдары биыл 1 669,7 мың гектарға жетеді деген жоспар бар. Меже толық орындалса, өткен жылғыдан 52,9 мың гектарға артық болмақ. Айта кетейік, өткен жылы бұл жұмыстарға 25700 тонна арзатылған дизель отынын бөлінген болатын. Литріне 242 теңгені құраған. Биыл бұл бағаға 2-3 теңге қосылуы мүмкін деген болжам бар.
Жанасыл Серікбол