Қаламыздағы колледждердің бірінде нашақорлықтың алдын алу мақсатында арнайы дәріс өтті. Алдын алу шаралары мен студенттер арасында әңгіме жүргізілді. Толығырақ келесі сюжетте?
Дәріс барасында спикерлер студенттерге нашақорлыққа қарсы күрес шараларын, есірткі заттарын өткізу және таратқаны үшін берілетін жаза түрлерін айтты. Сонымен қатар, нашақорлық мәселелері бойынша деректер келтіріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Қазіргі таңда көбінесе нашақорлыққа студенттер жиі ілігеді. Павлодар облысы бойынша кәмелетке толмаған есірткі тасымалдаушылар ұсталып, қатаң жазаға тартылды.
МАХАББАТ ТОҚПАНОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ СОЛТҮСТІК ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ КӘМЕЛЕТ ЖАСҚА ТОЛМАҒАНДАР ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ИНСПЕКТОРЫ
Бүгінгі келген мақсатымыз кәмелет жасқа толмағандар арасында профилактикалық құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында, және де нашақорлық туралы біраз әңгіме жүргізсек деп ойлап жатырмыз.
Есірткіге қарсы күрес барша қоғамның жауапкершілігі болып табылады. Тек қоғам болып бірігіп, есірткіге қарсы күреске атсалыссақ, бұл мәселенің шешімін табуға мүмкіндік болады.
Дильназ Куанышбекова