14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні. Бұл күн әлемнің көптеген елдерінде аталып өтеді. Мереке қарсаңында орталық кітапханада кітап сыйла акцисы басталды.
Орталық қалалық кітапхана қазақ, орыс және шетел тілдеріндегі түрлі жанрдағы әдебиеттерді қабылдайды. Сондай-ақ балалар әдебиеттеріне де ерекше мән беріледі. Бұл игі бастама кітапхана қорын толықтыруға ғана емес, жас ұрпақтың білімін тереңдетуге де зор үлес қосады.
ҚАРЛЫҒАШ ТЫНЫБАЕВА, ОРТАЛЫҚ ҚАЛАЛЫҚ КІТАПХАНАНЫҢ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ
14 ақпан халықаралық кітап сыйлау күні әлемнің көптеген елдерінде соның ішінде Қазақстанда да аталып өтеді. БҰҰ 2012 жылы осы күнді халықаралық деңгейде бекіткен. Әлем жұртшылығына кітаптың маңыздылығын тағы бір рет еске салды. Бұл күннің мақсаты кітап оқулығын насихаттап, қоғамды рухани байыту. Қазақстанда да бұл мереке кеңінен қолданысқа енгізілген. Осыған орай орталық қалалық кітапхана 3 ақпан мен 17 ақпан аралығында кітапханаға кітап сыйла қайырымдылық акциясын өткізуде. Акция халықаралық кітап сыйлау күніне ұйымдастырылған.
Айта кетейік, кітапхана Торайғыр көшесі 44 бөлшек 1 мекенжайында орналасқан. Кітап сыйлау арқылы сіз де осы игі бастамаға үлес қоса аласыз.
Сабина Жолдаспаева