Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы күрес бағытында қаңтар айында ауқымды жұмыстар атқарды. Нәтижесінде 700-ден астам есірткіге қатысты құқық бұзушылық анықталды.
Заңсыз есірткі айналымына қарсы күресте интернет кеңістігіне ерекше назар аударылды. 1000 нан астам есірткі сайты бұғатталды. Есірткі туралы ақпарат таратумен айналысқан арналар мен боттар жойылды. Құқық қорғау органдарының үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметтері тоқтатылды.
ДАНИЯР МЕЙІРХАН, ҚР ІІМ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Қаңтар айында 700-ден астам есірткіге қатысты құқық бұзушылық анықталды. 1257 есірткі сайты, оның ішінде 15 дроп-карта бұғатталды. Есірткі туралы ақпарат таратумен айналысқан 76 арна мен бот жойылды. Барлығы 274 есірткі қылмысы тіркелді, оның ішінде 180 сату фактісі, интернет арқылы есірткі жарнамалаудың 64 фактісі, 3 контрабанда фактісі және есірткі өсімдіктерін өсірудің 16 фактісі анықталды. 9 ұйымдасқан қылмыстық топ пен 3 есірткі притонының қызметі тоқтатылды. 17 есірткі зертханасының жұмысы әшкереленді. 800 кг-нан астам есірткі тәркіленді, оның ішінде 29 кг синтетикалық есірткі және 5 тонна прекурсор алынды.
Бұл көрсеткіштер Қазақстанда есірткі қылмысына қарсы күрестің қарқынды жүргізіліп жатқанын көрсетеді. ІІМ өкілдері бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да күшейтілетінін мәлімдеді.
Сабина Жолдаспаева