Павлодар қаласының №25 мектебінде оқушыларға арналған кәсіби бағдар беру шарасы өтті. Жиынды Павлодар қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы ұйымдастырды. Тілшіміз тарқатсын.
Кездесу барысында түлектерге әскери қызметтің маңызы, оқу орындарына түсу талаптары және болашақта әскери мамандықтың берер мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берілді. Шара түлектерге болашақ мамандықтарын таңдауға бағыт-бағдар береді.
ДАРХАН ТОБАГАБУЛОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
Бүгінгі 25 орта метебінде өткізіліп жатқан шарамыз, отан қорғаушы жас балалармен кездесіп, отан қорғауға баулу, әңгімелер жүргізу. Сұрақтарына жауап беру. Біздің қарулы күштерінің жоғары оқу орындарында оқитын курсанттармен кездесу. Сұрақтарға жауап беру, жас буынды әскери қызметке баулу.
Курсанттар оқу орындарындағы білім алу ерекшеліктері мен әскери өмірдің қыр-сырын баяндап, өз тәжірибелерімен бөлісті. Айта кетейік, әскерге шақыру науқаны көктемде басталады. Осыған орай жастарға қызметтің маңыздылығы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
ДАРХАН ТОБАГАБУЛОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
Отан соғысының 80 жыл толуына келе жатқан мерекеге орай осындай кездесулер әскери шаралар өткіземіз. Көктемгі әскерге шақыру науқаны ҚР әскери қызмет және әскери қызметшілерінің заңына және ҚР президентінің үкімімен 1 наурыздан басталады. Жобамен 1000ға жуық адам Павлодар облысы әскери қызметке шақырады.
Кездесу жастарға әскери мамандықтардың қыр-сырын таныстыруға, патриоттық рухты оятуға арналған маңызды шараға айналды.
Сабина Жолдаспаева