Екібастұз қаласында паралимпиадалық «бочча» спорт түрінен турнирдің ашылу рәсімі өтті. Бұл ерекше спорттық жарыс қатысушылар үшін жаңа тәжірибе болды. Турнир барысында спортшылар бочча ойынының ережелерімен танысып, өз шеберліктерін сынады.
Бочча – ерекше жандардың спорт арқылы жаңа белестерді бағындыруына жол ашатын маңызды ойын. Жарысқа барлығы 26 қатысушы келді.
БИБІГҮЛ ИМАНҒАЛИЕВА, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Осы замануи талаптарға сәйкес бұл жаңа спорттық түрлерінің бірі бочча Екібастұз қаласында дамып келе жатыр. Қатысушылардың ең басты талаптарының брі бұл жеңіске жету емес, бұл адамның өзінің ішкі дүниесінің талаптарының өзгешілігін бұл өмірге бізге деген паш ету. Ата-аналары да қатысып жатыр.
Бочча ойыны тактикалық шешімдер қабылдауды қажет ететін ерекше интеллектуалды спорт түрі. Жарыс алаңында қызыл және көк командалар өз доптарын ақ түсті негізгі допқа барынша жақындатуға тырысты.
ОЛЬГА АЛИАСҚАРОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША «БОЧЧА» СПОРТ ТҮРІНІҢ БАС БАПКЕРІ
Ойынның мақсаты – ақ түсті орталық допқа қызыл және көк командалардың доптарын барынша жақындату. Сырт көзге бұл қарапайым ойын сияқты көрінуі мүмкін, бірақ шын мәнінде бұл өте күрделі тактикалық ойын. Бұл ойынның шахматпен де ұқсастығы бар, өйткені әр қадамыңды ойластырып, қашан тосқауыл қою керектігін білу қажет. Бұл – интеллектуалды спорт түрі .
Бұл спорт түрінің балаларға берері мол. Ол тек физикалық қана емес, сонымен қатар психологиялық тұрғыдан да дамуға септігін тигізеді.
РАЙХАН АХАНТАЕВА, АТА-АНА
Осы боча турниріне қатысқанымызға 1 жыл болды. Балам өте тиянақты, жинақы болды осы спорт арқасында, ынтасы пайда болды. Спорт қатысуышалырна жеңіс тілеймін. Осы бочча спортын жасаған әкімге, орынбасарларға ат салысып жатқан осы бізге көмектесіп ерекше балаларды ойнатып, көмектесіп жүргендеріне алғысым шексіз.
Айта кетейік, бұл турнир Павлодар облыстық чемпионатына іріктеу турнирі болып саналады. Мұнда үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар облыстық деңгейде өнер көрсету мүмкіндігіне ие болады.
Сабина Жолдаспаева