Жиырмасыншы наурыздан бастап «Шоқан. Қашқария сапары» атты толықметрлі мультфильмі еліміздің барлық кинотеатрында. Бұл «Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Balapan» телеарнасы ұсынып отырған толықметрлі алғашқы анимациялық туынды. Өнім Павлодар қаласының үш киноетеатрында көрсетілуде.

Фильмнің басты кейіпкері 8 жасар Азат есімді бала мен Шоқан Уалиханов. Оқиға баланың уақыт компасы арқылы кенет 1858 жылға, Қашқарияға бара жатқан керуенге тап болуынан басталады. Осылайша болашақтан келген бала мен ғалымның жолы бір арнаға тоғысады. Мультфильмді тамашалаған балалар өздеріне айрықша әсер еткендігін айтады.

Мультфильмді кинотеатрдан әлі де тамашалауға болады. Тарихымызды танытар туындыны, отбасы, балалармен бірге келіп көріңіздер!

Жанасыл Серікбол