Биыл өңірде 121 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Сондай-ақ құны 14 млрд теңгеге 42 әлеуметтік нысан бой көтереді. Құрылыс барысы қалай орындалып келеді? Ал шыбын- шіркеймен күрес қашан басталады? Бүгін бұл мәселелер өңір басшысының қатысумен өткен аппаратты жиында айтылды.
Өңірде әлеуметтік нысан құрылысы қарқын алды. Қазір 1765 пәтерге арналған 11 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Оның ішінде облыс орталығында 7 үйдің іргетасы қаланды. Ал Екібастұз шаһарында 180 пәтерлі 3 үй, Ақсуда 81 пәтерлі бір баспана бой көтеруде. Бұдан бөлек, мектеп, спорт және медициналық нысандар салынып келеді. Құрылыс межелеген жоспарға сай орындалуды. Бұны құрылыс басқармасының басшысы айтты.
АСҚАР АЖМҰРАТ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Денсаулық сақтау саласы бойынша 8 нысан жоспарланған. Оның ішінде ауыл денсаулығын сақтау ұлттық жобасы аясында 6 нысан аяқаталады. Бірінші қалалық аурухана бойынша А блогы бойынша құрылыс, монтаждау жұмыстары аяқталды. Г және Д блоктарында 11 операциялық бөлменің 6 сында медициналық жабдықтар орнатылды. Қалған 5 операциялық бөлмелерінде демонтаж жұмыстары жүргізілуде. Білім саласы бойынша биыл 7 нысан жоспарланған. Ол жайлы мектеп ұлттық жобасы аясында Павлодар қаласында 2 мектептің құрылысы жүргізілуде.
Ауылда спорт нысандары көбірек болу керек. Бұл арқылы салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтар саны артады. Биыл бұл салада қарқын алған. 10 нысан, 6 денешынықтыру кешені, 3 бассейн бой түзейді. Білім беру бағытында оң жаңалық көп. Аққулы ауданы Тілектес ауылында және Павлодар ауданы Бірлік ауылында жаңа мектеп салынады. Павлодар қаласында Достық ауданында 1200 орынға арналған жаңа мектеп және 47 мектептің құрылыс биыл аяқталады. Ал облыс орталығындағы №1-ші аурухананы жөндеу жұмысы ұзаққа созылып кетті.
АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Қалалық бірінші аурухананың реконструкциялау жұмыстары аяқталды деп. А блогы бойынша. Ол жұмыстар қашан аяқталады?
АСҚАР АЖМҰРАТ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Ол негізі 7 этажды ғимарат. Қазір онда жұмыс жасалып жатыр. Операционный. Ол д корпусында орналасқан. 11 операция бөлімінің алтауы жасалды. Қалған 5 уі міне жұмыс жүргізіп жатырмыз.
ҚАНСОРҒЫШТАРҒА ҚАРСЫ ӨҢДЕЛЕТІН АУМАҚ 25 % ҰЛҒАЙДЫ
Бұдан кейін жиын қансорғыштарды улау жұмыстары жайында болды. Биыл 172 мың гектар аумақта қансорғыштарға қарсы биологиялық және химиялық өңдеу шаралары жүргізіледі. Осылайша, өңделетін аумақ көлемі былтырғымен салыстырғанда 25 пайызға ұлғайды. Шыбын- шіркеймен күрес сәуір айының ортасында басталады.
Әуелі әуе арқылы жүргізіледі. Ертіс өзені жайылымасында жоспарға сай 10 ұшақ дәрі себеді. Бұл өңдеу Павлодар, Ақсу қалалары мен Ертіс, Ақтоғай, Тереңкөл және Павлодар аудандарын қамтиды. Сондай-ақ көпқабатты үйлердің жертөлесі қансорғыштар үшін жайлы мекен. Сондықтан олар қанаттанбай тұрып дернәсілі жойылуы керек.
АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Одан басқа тағы бір айта кететеін нәрсе. Қалаларда көпқабатты үйлердің жер төлесінде подвал дейміз ғой. Былтырдан қыстан қалған шыбындарды жою мақсатында осы сәуірдің 7-8 жұлдызынан бастап өңдеу жұмыстарды бастауды тапсырамын.
Биыл жалпы, улау жұмыстарына 100-ден аса адам жұмылдырылады екен. Айта кетейік өңірде зиякестермен кешенді күресу үшін 3 жылдық бағдарлама бекітілді. Бұл жоспарға 8,6 млрд теңге бөлінді.
Әйгерім Тоқпанқызы