Павлодар қаласының пробация қызметінде 800 адам есепте тұр. Олардың 60-ына жерсеріктен бақылайтын электронды білезік тағылған. Құрылғы кімдерге беріледі, қалай бақыланады? Тілші сюжетінде.

Павлодар қаласы пробация қызметінде есепте тұрған бұл азамат террористік қауіп төндіруі мүмкін. Себебі, бірнеше жыл бұрын халыққа қызмет көрсету орталығын жарып жіберем деп қорқытқан, содан сотталып кетті.

Қазір пробациялық қызметте есепте тұр. Оған қылмысты қайталауы мүмкін деген күдікпен электронды білезік тағылды. Жалпы Павлодар қаласында 60 азаматқа осындай құрылғы орнатылған. Айта кетсек, бұл күдіктінің немесе айыпталушының аяғына тағылатын радиоэлектрондық модуль.

Нұрлан Сейлбек, Павлодар қаласы пробация қызметі бастығының орынбасары

Аталмыш білезіктер жаңашылдық ретінде 2024 жылдың 1 шілдесінде іске қосылды. Қалаға 60 білезік берілді. Көбінесе рецидивті, қылмысы қайталана беретін азаматтарға тағылады. Жалпы білезік арқылы құқықбұзушының қайда жүргені анықталып отырады. Тоқтан қуат алады. Өз бетімен шешу оны мүмкін емес, арнайы кілті бар. Бірақ құқықбұзушының тәртібі жақсы болса, білезік біраз уақыттан кейін шешіледі.

Жалпы, Павлодар қаласы бойынша 800-ге жуық адам пробациялық есепте тұр.

Самал Қалиқызы